Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрттен 2 баланы құтқарды

417

Өрт кешкі сағат 21:00 шамасында көпқабатты үйде болған.  

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрттен 2 баланы құтқарды Фото: Бейнежазбадан

Оралда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі көпқабатты үйдегі өрт кезінде екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Армат Абылғалиев үйінде болған кезде кіреберістен көмек сұраған дауысты естіген.

Баспалдақ алаңында ол қорқып тұрған баланы кездестірген. Бала бесінші қабаттағы пәтерде өрт шығып, ішінде екі інісі қалғанын айтқан.

Әскери қызметші уақыт жоғалтпай бесінші қабатқа көтеріліп, қалың түтінге қарамастан пәтерге кірген. Ол екі баланы тауып, қауіпсіз жерге алып шыққан.

Балаларды құтқарған соң Армат Абылғалиев болған жағдай туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлап, көршілерден көмек сұраған. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін тілсіз жау ауыздықталды.

Әскери қызметшінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында екі бала аман қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу