Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары есірткі сатушыны ұстады

168

Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында Ұлттық ұланның жауынгерлері есірткі сату күдігіне ілінген азаматты байқаған.   

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары есірткі сатушыны ұстады Фото: zhaikpress.kz

Аталған жағдай әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрасыл Қуанышбай мен патрульшілер Ерасыл Байнияз және Олег Фофонов "Солтүстік-Шығыс" шағын ауданында кезекшілік атқарған сәтте болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сол сәтте тұрғын үй ауласында ұялы телефонның жарқылын байқап қалған. Бейтаныс ер адамның белгісіз затты жасырын қойып, оны суретке түсіріп жатқан әрекеті әскери қызметшілердің күдігін тудырады.

Ұландықтар күдіктіге жақындап, құжаттарын сұрағанда ол қарсылық көрсеткен.

Тексеру барысында азаматтың қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм болатын есірткі заты салынған капсула табылды.

Ұсталған азамат бірден полиция қызметкерлеріне тапсырылып, қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу