Оралда үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында "SuncarSmartQorgau" жүйесі кеңінен қолданылады.
"Оның көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды", делінген полиция хабарламасында.
Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталғаны да нақтыланады.