Қалада барлығы 333 абонент газдан уақытша ажыратылады, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
"17 наурыз күні сағат 09:00-ден бастап 18:30-ға дейін Губаров – Мусин, Құрманғалиев – Исатай батыр көшелерінде жерүсті болат газ құбыры қайта жаңартылады. Жеке сектордың 153 тұтынушысы, көпқабатты үйлердің 180 абоненті көгілдір отыннан уақытша ажыратылады", - делінген "ҚазТрансГазАймақ" АҚ таратқан мәліметте.
Айта кетейік, осыған дейін түркістандық кәсіпкерлерге жоғары тариф заңсыз есептелгенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу