Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Орал қаласының қақ ортасында көлік жүргіузішісі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"15 қаңтар күні сағат 9:23 шамасында Құрманғазы көшесіндегі "Мектепші" сауда үйінің алдында Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті", – делінген хабарламада.
Жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу