Оралда жол апаты салдарынан балалар зардап шекті

489

2017 жылы туған қыз жансақтау бөлімінде жатыр. 

Оралда жол апаты салдарынан балалар зардап шекті Фото: БҚО ПД

Оралда жол апаты салдарынан 7 бала зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқыс оқиға 12 шілдеде шамамен сағат 17.15-те болған.

"Саратов тас жолы мен Брусиловский көшесінің қиылысында 1991 жылы туған жүргізуші "Лада гранта" маркалы көлігімен келе жатып, жол қозғалысы ережелерін қамтамасыз етпей, 1989 жылғы жүргізушінің тізгініндегі "Лада Ларгус" көлігіне жол бермей соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Лада Ларгус" маркалы автокөлігінің 1989 жылғы жүргізушісі мен 1989, 1993 жылғы жолаушылар облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек "Лада Ларгус" маркалы автокөлігінде отырған 2010, 2011, 2013, 2015, 2020, 2017, 2021 жылғы балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайын білу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарластық.

Ведомствоның мәліметінше, балалар ауруханасына барлығы 7 бала жеткізілген. Олардың ішінде алтауы амбулаториялық емге жіберілсе, 2017 жылы туған қыз жансақтау бөліміне жатқызылды. Мамандар оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Ересектер көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы бойынша қосымша хабардар етіледі", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу