БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 8 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында Зачаган кентіндегі Күлтегін көшесінде "ВАЗ-2114" автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанға соғылған. Соққыдан кейін көлік аударылып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Апат салдарынан салонда болған 21 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу