Оралда жол апатынан кәмелетке толмаған бала қайтыс болды

616

Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оралда жол апатынан кәмелетке толмаған бала қайтыс болды

Оқиға 26 маусымға қараған түні, сағат 00:40-та Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған. БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota шағын автобусы жол жиегінде тұрған Scooter мен ВАЗ-2110 көлігіне соқтығысқан.

"Апат салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы – 17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал скутер жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, шағын автобус жүргізушісі сау болған. Жол-көлік оқиғасының алдын ала болжам бойынша – шағын автобус жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып ұялы телефонына алаңдап кеткен", – деді полиция қызметкерлері.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол жүру ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу