Оралда жол апатынан скутер жүргізушісі қаза тапты

140

"Скутер "Ауди" автокөлігімен соқтығысқан. 

Оралда жол апатынан скутер жүргізушісі қаза тапты Фото: t.me / POLICE_of_KZ/10647

Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 мамыр күні шамамен сағат 21.10-да Зачаган кентіндегі Қ.Жұмалиев пен С. Жақыпов көшелерінің қиылысында болды.

"Скутер "Ауди" автокөлігімен түйіскен. Салдарынан скутер жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу