Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты

275

Үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды.

Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты Фото: ТЖД

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі үйінді астынан үшінші адамның денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті құлаған конструкция санының көп болуына байланысты жұмыстар қиындағанын айтты.

"Оқиға орнында ғимараттың қиындылары құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Ғимаратты толықтай қирату жұмыстары жүргізіліп жатыр. БҚО төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштерінен барлығы 190-нан аса адам және 50 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қайтыс болған адамдардың туғандарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желінің жұмысы жалғасып жатыр", - делінген ТЖД мәлімдемесінде.

Оралда 2024 жылғы 4 қаңтарға қараған түні газ жарылып, салдарынан Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлады. Бұған дейін оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылғанын хабарлағанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу