Оралдық бизнесмен Еркін Мұқанғалиевтің өліміне күдіктілер ұсталды

2995

Кәсіпкер өліміне күдіктілер арнайы операция аясында ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оралдық бизнесмен Еркін Мұқанғалиевтің өліміне күдіктілер ұсталды

Күдіктілер 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында. Бұдан артық ақпарат әзірге жарияланбады.

Айта кетейік, 6 тамызда кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевтің денесі П.Атоян атындағы стадионның көлік тұрағынан табылды. Денесінде бірнеше жерден пышақ жарақаты болған.

Оқиғаның алдында кәсіпкер мен күдіктілер арасындағы келіспеушілік дәмханада болған делінеді. Сол сәттің видеосы журналист  Михаил Козачков https://t.me/kozachkow/5704 телеграм-арнасында тараған болатын. Видеоға қарағанда, кәсіпкер өзінің кафесінде екі жігітпен бірге отырған. Арада күтпеген жерден қақтығыс туындайды. Күдіктілердің бірі оны пышақпен жаралайды. Мұқанғалиев терезеден шығып үлгереді.

Бірақ күдіктілер кәсіпкерді көлік тұрағында қуып жетіп, өлтіреді.

"Оқиға 6 тамызда сағат 20:00 шамасында болған. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деп хабарлады полициядан.

Полиция күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар 31 жастағы Руслан Қожантаев және 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Күдіктілердің жүгіріп бара жатқаны бейнебақылауға https://www.youtube.com/watch?v=lUQyg6Y6USE түскен. Біреуінің қолы қан түстес қызылға боялған.

Оқиғадан кейін қаладан шығатын жолдарға тексеріс қойылған. Күдіктілерді ұстауға ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің (ішкі әскер) әскери қызметшілері де қосылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу