Айнұр Тұрсынбаева 50 жасында босанған Баян Мақсатқызына Түркиядан сыйлық жіберді

2012

Бұл туралы белгілі продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Айнұр Тұрсынбаева 50 жасында босанған Баян Мақсатқызына Түркиядан сыйлық жіберді Фото: коллаж inbusiness.kz

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кеше ғана босанған ана, продюсер Баян Мақсатқызына арнайы сыйлық жіберді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баян Мақсатқызы шоколадты құлпынай мен түрлі жемістер толы себетті ашып, хатты  дауыстап оқыды.

Хатта "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" делінген.

"Көп рахмет, Айнұр. Сонау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият жансың", - деп ризашылығын білдірді.

Айта кетсек, Баян Мақсатқызы үшінші рет ана атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу