Орта білім саласында 70-тен астам әртүрлі цифрлық жүйе анықталды

291

Бұл бір өңірде орта есеппен 10-ға жуық жүйе деген сөз.

Орта білім саласында 70-тен астам әртүрлі цифрлық жүйе анықталды Фото: el.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бірыңғай цифрлық архитектураны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігі қайталанатын функцияларды анықтау, деректерді интеграциялау және шығыстарды оңтайландыру мақсатында орта білім беру саласындағы цифрлық жүйелердің тиімділігіне бағалау жүргізген.

"Бағалау нәтижесінде электрондық журналдар мен күнделіктерді жүргізуді, білімді бағалауды, мемлекеттік қызметтер көрсетуді және білім алушылар контингентін есепке алуды қамтамасыз ететін 70-тен артық әртүрлі цифрлық жүйелер мен сервистердің пайдаланылатыны анықталды. Бір өңірде орта есеппен 10-ға жуық жүйе. Осыған байланысты Министрлік Бірыңғай цифрлық архитектураны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның негізгі құрамдас бөлігі Ұлттық білім беру деректер базасы болады", – деді министр.

Белгілі болғандай, бір мәліметтерді бірнеше рет енгізу қажеттілігін болдырмау мақсатында қолданыстағы барлық LMS-жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялауды міндеттеу жоспарланып отыр.

"Электрондық журналдар, білім беру платформалары, сабаққа қатысуды, тамақтануды және кіруді бақылауды есепке алу жүйелері қажетті мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау арқылы ақпарат қайталанбай алынатын болады. Сонымен бірге Министрлік жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізуге, оның ішінде қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқартуға, сондай-ақ педагогтердің әкімшілік жүктемесін азайтуға бағытталған Ұлттық білім беру жасанды интеллект платформасын құруда. Министрлік педагогтерге қысым көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жанжалдарға қатысты жағдайлар зерделенетін болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кету керек, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің жұмысын бюрократиядан арылту мақсатында қандай жұмыс жүргізілетінін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу