Ортақ энергетикалық нарықтың жұмысын реттейтін жобалар әзірленіп жатыр

576

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ энергетикалық нарығының жұмысын реттейтін жобалар әзірленіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz  Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ортақ энергетикалық нарықтың жұмысын реттейтін жобалар әзірленіп жатыр

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетикалық компания өкілдері ортақ электр энергетикалық нарықтың нормативтік базасын қалыптастыруды талқылады. 24 тамызда Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) Электр энергетикасы жөніндегі Консультативтік комитет отырысы өтті. 

Комитет ЕАЭО ортақ электр энергетикасы нарығында мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының жобасын мақұлдады. Құжат жобасы осы жылдың қыркүйегінде ЕЭК Алқасының отырысында қаралады.

Сонымен қатар ортақ электр энергетикасы шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру қызметтеріне қол жеткізу қағидаларының жобасы келісілді. Бірақ тараптарда оның талаптары бойынша келіспеушіліктер болған кезде сауда-саттықтан тыс мемлекетаралық беруге шарттар жасасуға қатысты сұрақ ЕЭК кеңесінде қаралады деп жазылған.  

Отырыста ЕАЭО ортақ энергетикалық нарығының сауда валютасы жөніндегі мәселе де реттелді. 

"Ортақ энергетикалық нарықтың жұмысын реттейтін құжаттарды келісу Одақ басшыларының тиісті мерзімде электр энергиясының еркін саудасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді", – деді ЕЭК энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский.

Ортақ энергетикалық нарықтың саудасын ұйымдастыру үшін ЕЭК сауда операторларын айқындауға тиіс. Беларусь, Қазақстан және Ресей өздерінің сауда алаңдарын ұсынған. Оған Беларуссияның әмбебап тауар биржасы, Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы, Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы және Ресейлік сауда жүйесі мекемесі кіреді. Тиісті өкім жобасы дайындалып, ЕАЭО органдарының қарауына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу