Ортақ түркі әліпби үлгісі туралы келісім саяси шешім емес – Саясат Нұрбек

190

9-11 қыркүйек күндері Әзербайжан астанасында Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өтті.

Ортақ түркі әліпби үлгісі туралы келісім саяси шешім емес – Саясат Нұрбек Фото: Telegram/KZgovernment

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясының 34 әріптен тұратын әліпби үлгісіне қатысты қабылдаған келісімі саяси шешім емес екендігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Өздеріңізге мәлім, түркі мемлекеттерінің отырыстарында ғылыми қауымдастықтарға, ғалымдарға ортақ әліпби үлгісін қарастыруға қатысты бірнеше тапсырма берілген. Сондықтан бірнеше кездесу болды. Халықаралық Түркі академиясының негізінде бірнеше талқылау қорытындысынан кейін академия басшысы Шаин Мұстафаев мырза осындай құжатқа қол қойған. Тағы да айтамын, бұл Үкімет деңгейіндегі немесе саяси құжат емес. Тек ғылыми қауымдастық тарапынан талқыланып жатқан құжат", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу