Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырған партияларды жариялады

484

ОСК ұсынған ақпарат бойынша, 2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша төрт саяси партия партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар тапсырған, деп жазады inbusiness.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.   

Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырған партияларды жариялады Фото: election.gov.kz

Атап айтсақ:

  1. "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  2. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  3. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
  4. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі.

 

21 қаңтарда ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілгенін хабарлады:

  1. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  2. "Amanat" партиясы;
  3. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  4. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  5. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
  6. "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  7. "Respublica" партиясы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу