Өртеніп жатқан көліктен 5 адамды алып шыққан азаматқа құрмет көрсетілді

557

Мойынқұмдық Мәди Әлиев жарылыс қаупіне қарамастан, өртеніп жатқан көліктен 5 адамды алып шыққан.

Өртеніп жатқан көліктен 5 адамды алып шыққан азаматқа құрмет көрсетілді Фото: Ақәділ Рысмахан

13 қыркүйек күні Шу ауданы аумағында екі көлік соқтығысып, жол апаты орын алған болатын. Мойынқұм ауылының тұрғыны Мәди Әлиев жарылыс қаупіне қарамастан, өртеніп жатқан көлікке қарай ұмтылып, 5 адамды алып шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өкінішке қарай, көлік ішіндегі 1 азаматша оқиға орнында қаза тапса, аман қалған төртеуі қазіргі таңда ауруханада ем алуда.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев басына төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан жолаушыларды құтқарып қалған Мәдиге жамбылдықтардың атынан ризашылығын білдірді.

– Қызыл жалынға оранған көліктен адамдарды алып шығып, нағыз ер азаматқа тән әрекет ете білдіңіз. Ештеңеден қаймықпай, адам жанына араша түсу – екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сіздің ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз жоғары құрметке лайық. Сіз өскелең ұрпаққа үлгі болар өр тұлғасыз. Бүгінгі күннің батыры әрі нағыз қаһарманысыз. Сізге адам өміріне араша түскеніңіз үшін алғысым шексіз, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Ерекше бір айта кетерлігі, Мәди Әлиев көлік өртенгенде жылдам шешім қабылдаған.

– Бес адамды шығарған бойда автокөлік жарылды. Үш ұйықтасам түсіме кірмеген жағдай болды. Мені құрметтеп, ізгі тілектерін білдіріп жатқан азаматтарға алғысым шексіз, – дейді Мәди Мақсұтұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу