Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлады қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.
Анықталғандай 18 пәтерлі үй төбесінің ағаш құрылымдарын жалын шарпыды. Салдарынан екінші қабаттағы 4 пәтердің төбесі құлаған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады.
"Сол жерден 39 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала бар. Зардап шеккендер болған жоқ. Бұл үйде 41 адам тұрады", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
ТЖБ өкілдерінің дерегінше, тілсіз жаудың кесірінен қазіргі уақытта 11 отбасы баспанасыз қалған. Өрт сағат 05.28-де толықтай сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу