Ерлан Қошанов: Орыс тілін Конституциядан алып тастаудың қажеті жоқ

1976

Елде Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы бастамашыл топ петиция жариялаған. Бұған қатысты мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді.

Ерлан Қошанов: Орыс тілін Конституциядан алып тастаудың қажеті жоқ

"Петицияны бастамашыл топ жариялаған шығар, халық жариялады деп айтуға болмас. Мен сіздерге қарсы сұрақ қояр едім: қазақ тілін одан әрі дамыту маңызды ма, әлде орыс тілін алып тастаған маңызды ма? Менің ойымша, қазақ тілін дамытуға акцент беруіміз керек. Оны қалай дамытамыз? Журналистердің бәрі тек қазақ тілінде сөйлесе ме? Шынын айтайын, депутаттардың бәрі бірдей қазақ тілінде сөйлемейді. Сондықтан қазақтар қазақ тілінде сөйлесіп, өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге тарту керек. Бірінші мәселе – осы. Ал біз көпұлтты мемлекетпіз ғой, олар бір-бірімен сөйлесуі үшін орыс тілі қажет. Бүгінгі таңда Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ деп есептеймін", – дейді Қошанов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу