Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ қой - министр Болат Ақшолақов

7662

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 20 мамырда астана тұрғындарымен кездесуде қазақ тілінде баяндама жасамағаны үшін сынға қалды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ қой - министр Болат Ақшолақов

"Баяндаманы неге қазақша жасамайсыз?", – деп сұрады өзін белсендімін деп атаған қала тұрғыны Сайран Накупова.

"Әр аймаққа жұмыс сапарымен барамын. Кейде қазақша айтсаң, неге орысша айтпайсың дейді. Орысша айтсаң, неге қазақша жоқ дейді. Бізде үкіметте орыс тілін пайдалануға ешқандай тыйым жоқ қой", – деді министр.

"Келесі жолы тағы кездесу өткіземін, тек қазақ тілінде баяндама жасаймын", – деп уәде берді Ақшолақов.

Белсенді тұрғын тағы бір ескертпе айтты.

"Мына 130 орындық залға 80% АРЭК-тің (Астана-аймақтық электр желілік компаниясы - авт.) қызметкерін отырғызып қойған. Шындық! Халықты орталыққа жинау керек. Хабарласып қалай жететінін сұрап жатыр. Мына жақ алыс. Көп автобус жүрмейді", – деді қала тұрғыны.

Кездесу Домалақ ана, 9 мекенжайында, Астана-аймақтық электр желілік компаниясының ғимаратында болды.

Министр келесі жолы кең орын табуға уәде берді.

"Жиылған адамдарды білмеймін. Қала тұрғыны ма, әлде басқа ма… Мен шақырған жоқпын. Тек тұрғындармен кездесемін деп анықтама бердім. Кім келсе де бәріне есік ашық", – деді Ақшолақов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу