"Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін уәкілетті өкілдер Қазақстанның бүкіл өңірлері бойынша 399 809 азаматтың қолын жинады. Бүгінде оның 141 045-і тексерілді, тексерілгендердің 140 167-сі түпнұсқа деп танылды", – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде қабылданғанын айтты.
Осылайша ҚР Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды.