ОСК президенттікке екінші кандидатты ресми тіркеді

412

Бұған дейін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеген болатын. 

ОСК президенттікке екінші кандидатты ресми тіркеді Фото: inform.kz

Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оны "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы ұсынған

Үміткерді қолдау үшін Қазақстанның 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды, оның 120 055 қолы тексерілгеннен кейін дұрыс деп танылды. Ең аз талап етілетін қолдар саны 118 273. Мейрам Қажыкен президенттікке ресми түрде тіркелген екінші кандидат атанды.

Бұған дейін кезектен тыс Президент сайлауына кімдер қатысатыны жайлы жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу