Өскемен қаласында трамвай адамды басып кетті

1029

Облыс орталығында 30 желтоқсанда шамамен сағ.15.30-де Абай даңғылында орналасқан "Старт" сауда үйінің жанында трамвай адамды басып кетті.  

Өскемен қаласында трамвай адамды басып кетті

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан. Ол өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
"Жәбірленушінің жеке тұлғасы анықталды, ол 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты" – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу