Өскемен маңындағы тасжолда болған жол апатынан бір адам қаза тапты

303

Қайғылы жол апаты Өскемен – Бозанбай тасжолында болды.  

Өскемен маңындағы тасжолда болған жол апатынан бір адам қаза тапты Фото: kaz.inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат Ұлан ауданына қарасты Баяш Өтепов ауылының маңындағы Өскемен – Бозанбай тасжолында болған. Chevrolet Cobalt пен Mitsubishi Pajero автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

– Ал Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі мен Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу