Өскемен-Семей тасжолында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

1216

Екі адам қаза тапты.  

Өскемен-Семей тасжолында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Оқиға 3 ақпан күні, кешкі сағат 19:25 шамасында болған. 29 жастағы жігіт тіркемесі бар "ДАФ" маркалы жүк көлігімен ауа райының қолайсыздығына қарамастан Өскемен-Семей бағытында жолға шыққан. 140 шақырым жолдың 58 шақырымына келгенде көктайғақ салдарынан тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел жәрдем көлігін барып соғады. Апат салдарынан жедел жәрдемнің ішіндегі 1972 және 1979 жылдары туған 2 жолаушы сол мезетте көз жұмған. Ал 44 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі дене жарақатымен Семейдегі ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің  345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу