Шығыс Қазақстаноблысында екі автокөлік соқтығысып, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Өскемен – Семей тасжолының 23-шақырымында болған.
"9 қаңтарда сағат 15:25 шамасында Саратовка кенті маңында "Нива Шевроле" және "Тойота" маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.