Өскеменде әйелдер трамваймен тегін жүреді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Көлік компаниясы Халықаралық әйелдер күніне орай осындай тосынсый жасауды жөн көрген екен.
"Бұл біздің компанияның, қала әкімдігінің және "Регистан" фирмасының бірлескен акциясы, ортақ идеямыз. Әйелдер қауымын қуантқымыз келеді. Сондықтан 8 наурыз күні таңнан кешке дейін тегін алып жүреміз", – дейді "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу