Өскеменде әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

492

Сот оны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Өскеменде әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты Фото: Aikyn.kz

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп жазады inbusiness.kz  Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, қайғылы жағдай былтыр 25 қарашада болды. Автобус жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, оны қағып кетіп, салдарынан әйел алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл қылмыс орташа ауырлықтағы санатқа жатады. Оны жасаған адамға 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының жас баласының болуын жеңілдететін жағдай деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар  анықталмады. Сот азамат Ш.-ны кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада

Үш жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды. Олардың әрқайсысына 4,5 млн теңге моральдық шығын мен өкілдік шығындар өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу