Өскеменде ауладағы 6 көлікті қасақана соққан жүргізуші ұсталды

159

Әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісінің тұрақтағы көліктерді әдейі соғып жатқан видеосы таралды.  

Өскеменде ауладағы 6 көлікті қасақана соққан жүргізуші ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Аулада тұрған көліктерді қасақана соққан жүргізуші ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Желі қолданушылар жүргізуші есірткі қолданған деген болжам жасады.

"Бұзақы 31 жастағы өңір тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиға себебі мен көлік иелеріне келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу