Өскеменде бір топ велосипедшіні көлік қағып кетті

723

Оқиға салдарынан 6 жасөспірім зардап шекті.

Өскеменде бір топ велосипедшіні көлік қағып кетті Фото: Бейнежазбадан

Жол апаты 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кеткен.

"Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған 6 велосипедші медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті бойынша қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу