Өскемен қаласында Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, 44 жастағы азамат 20 шілде күні Ертіс өзені үстіндегі көпірден суға секірген.
Осыдан кейін құтқарушылар оны іздеуге бірден кіріскен. Іздеу нәтижесінде марқұмның мәйіті оқиға орнынан шамамен 21 шақырым қашықтықта, Ертіс өзенінің Прапорщиково ауылы маңындағы тармағынан табылды.
Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын күн сайын жүргізген. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, жүзу құралдары пайдаланылып, өзен жағалауы мұқият тексерілді.
Сонымен қатар сүңгуірлер су астына 26 рет түсіп, іздеу жұмыстарын жүргізген.