Өскеменде көпірден суға секірген ер адамды құтқарушылар алып шықты

342

36 жастағы тұрғын суға шомылу кезінде аяғын жарақаттап алған.  

Өскеменде көпірден суға секірген ер адамды құтқарушылар алып шықты Фото: Видеодан скриншот

Өскеменде суға шомылу кезінде жарақат алған ер адамға құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Абай даңғылында болған. 36 жастағы ер адам шомылып жүріп көпірден суға секірген кезде аяғын жарақаттап алған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жеткен. Құтқарушылар резеңке қайықпен зардап шеккен адамға жетіп, оны жағаға шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге бармауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу