Өскеменде полиция автокөлігі жол апатына ұшырады

685

Өскеменде полиция автокөлігі жол апатына ұшырады

Өскеменде патрульдік полицияның қызметтік көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Оқиға кеше Қазақстан көшесінде болған. "Mercedes-Benz" маркалы автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан полиция автокөлігіне соғылыпты. Салдарынан екі көлікке де үлкен залал келіп отыр.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу