Өскеменде семсерлесуден ел чемпионаты басталды

958

Өскеменде семсерлесуден ел чемпионаты басталды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен, яғни Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Оңтүстік Қазақстаннан және Алматы, Қарағанды, Шымкент, Астана қалаларынан келген спортшылар қыркүйек айының 14-іне дейін сайысатын болады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Чемпионаттың алғашқы күні жалпы саны 54 қатысушыны құраған ерлер рапирадан жарысқа түсті. Шығыс Қазақстан бойынша алғашы ойынның жеңімпаздары да анықталып үлгерді.

Ерлер арасындағы рапирадан мықты ойын көрсеткен Т. Калиев 1-ші орынды қанжығасына байлады, 2-ші орынды Н. Пономарев иеленді, ал ІІІ орын Н. Сафиновтың еншісінде.

Аталмыш жарыста қыздар арасынан үздік өнер көрсеткендер: К. Броводникова – І орын (Алматы қ.), К. Түсіпбекова – ІІ орын (ШҚО), К. Каримова – ІІІ орын (ОҚО).

Айта кету керек, рапирадан командалық сайысқа шыққан ерлер және қыздар командалары қарсыластарын ойсырата жеңіп, бірінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, бүгін жарыс қатысушылары шпагадан күш сынасатын болады.

Еске сала кетейік, семсерлесуден өтіп жатқан ҚР чемпионатының аяқталуы 14 қыркүйекке белгіленген. Дәл осы күні жүзден жүйрік танылған семсершілердің есімдері белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу