Өскеменде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

168

Құтқарушылар 5 адамды эвакуациялады. 

Өскеменде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ

Өскеменде пәтерден өрт шығып, 5 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Өскемен қаласында бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі бала. Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу