Өскеменде түрмеге көкнәр лақтырмақ болған күдікті ұсталды

332

Ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды.

Өскеменде түрмеге көкнәр лақтырмақ болған күдікті ұсталды Фото: inbusiness.kz

Өскемен қаласында №16 түзеу мекемесінің қоршауынан ішіке қарай "сәлемдеме" лақтырмақ болған күдікті қолға түсті. Белгілі болғандай ол көкнәр лақтырмақ болған.

Тыйым салынған өсімдік тектес жасыл зат жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды.  

- Өскемен қаласының №16 түзеу мекемесінің белгілі бір аумағын патрульдеу барысында Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген  "В" есімді  азаматты  қолға түсірді. Тексеру барысында  ұсталған азамат  салмағы бір келіден жоғары көкнәрді сотталғандарға  лақтырмақ болғаны анықталды, - дейді  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда түрмедегі сотталушыларға сырттан "сәлемдеме" лақтыру фактлері осыған дейін де бірнеше рет орын алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу