Өскеменде заңсыз орнатылған баннерлер жаппай алынып жатыр

735

Өскеменде заңсыз орнатылған баннерлер жаппай алынып жатыр

Ал Өскеменде заңсыз орнатылған баннерлер жаппай алынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс облыс әкімі қатты сын айтқаннан соң жанданды. Даниал Ахметов орталық көшелердегі сыртқы жарнамалық құрылымдардың көзін жоюға тура бір апта уақыт берді. Облыстық әкімдіктің отырысында белгілі болғандай, бүгінде Өскеменде 300-ге жуық жарнамалық баннер бар. Тексеру барысында, олардың 34-і заңсыз орнатылғаны анықталған. Ал 15 қалғаншаға тіптен ешбір құжат болмай шықты. Қазір Тәуелсіздік және Әуезов даңғылында заңсыз тұрған бірнеше баннерді алып тастады. Қалалық сәулет бөліміндегі мамандардың айтуынша, жарнамалық құрылым иелерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі. Бірақ, кейбір кәсіпкерлер, ескертулер мен кеңестерді ескермейді. Мұндай жаңдайда, олардың баннерлері сот шешімімен алынады.

Кайрат Қожамбетов, Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі

Өскемен қаласында 34 сыртқы жарнама конструкциясы заңсыз орнатылған. Олар міндетті түрде алынады және оларды орнатқан адамдар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу