Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

170

Жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды Фото: ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

20 маусым күні сағат 20:00 шамасында Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойында теміржол көпірінің маңында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!", - ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу