Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті

1105

Жарысқа 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар қатысты.  

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті

Өскеменде жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Үш күнге созылған байрақты бәсекеге республиканың барлық өңірінен 593 спортшы жиналды.

Шығыс Қазақстан облысы жарыста 20 906 (U20) және 19 245 (U16) ұпай жинап, екі санат бойынша да жеңімпаз атанды.

U20 жасөспірімдер арасында 20 557 ұпаймен Алматы қаласының спортшылары екінші орыннан көрінсе, 18 994 ұпаймен Қарағанды командасы үшінші орынға жайғасты.

Кіші жасөспірім және жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде 16 154 ұпаймен Қарағанды құрамасы екінші, 11 200 ұпаймен Шымкент үшінші болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу