Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін басқарған. Малдыбаев көшесімен қалаға кіріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Mersedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға салдарынан 2 жүргізуші де сол жерде көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінде болған жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу