Өскеменде жол апатынан бір адам көз жұмды

503

Жол-көлік оқиғасы 18 қараша күні таңертең Жібек жолы көшесінде болған.

Өскеменде жол апатынан бір адам көз жұмды

Өскеменде КамАЗ-бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам  көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жібек жолы көшесінің "Ертіс Сити" тұрғын үй кешеніне бұрылатын тұсында Lada маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысқан. Соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік тізгіндеген адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу