Өскеменде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

840

Өскеменде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

Жол апаты 18 қараша күні кешкі уақытта Базовая көшесінде болды. Салдарынан Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкері көз жұмған екен, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

18 қарашада сағат 21.00 шамасында Базовая көшесінің бойында үш жеңіл автокөлік соқтығысты.

Сол күні қар жауып тұрған. Toyota Carina автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ахуалды ескермей, басып озуға әрекет жасайды. Қарама-қарсы бағыттағы Lexus автокөлігімен бетпе-бет соғылып, қатар келе жатқан Nissan маркалы автокөлігін жанап өткен.

Анықталғандай, Toyota автокөлігінде полиция басқармасының үш қызметкері отырған.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатының салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және Toyota көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы жарақат алып, аурухунаға жатқызылған. Ал Toyota-да отырған тағы бір жолашуы оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның жасы 38-де екені белгілі болып отыр.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу