Өскемендік әскерге шақырылушылар көршілес қалаларда әскери қызметін өтей алады

579

Ата-аналар балаларын алыс облыстарға жібергілері келмейтіндігін айтқан. 

Өскемендік әскерге шақырылушылар көршілес қалаларда әскери қызметін өтей алады Фото: google

Енді өскемендік әскерге шақырылушылар Семей және Павлодар қалаларында азаматтық борыштарын атқара алады. Бұл туралы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Облыс орталығындағы әскерге шақырылушылар көршілес қалаларда әскери қызметін өтей алады. Айта кетейік, соңғы жылдары кейбір ата-аналар балаларын алыс облыс пен қалаларға әскери борышын өтеуге жібергілері келмейтіндігін айтқан болатын.

Бұған дейін қарулы күштер мен әскери құралымдарды жасақтау аумақтан тыс қағидат бойынша жүргізілген. Ал, биыл мамыр-маусым айларында Ұлттық ұланды жасақтаған кезде өз облысының шегінде эксаумақтылық қағидаты сақталатын болады.

- Мысалы, Өскемен қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Семей және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады. Дәл солай, Павлодар, Семей қалаларынан шақырылғандар Өскеменде 1 жылдық әскери міндетін атқаруға мүмкіндігі бар. Олар тек Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Аманкелді.

ҚР Ұлттық ұланы қатарында мерзімді қызмет өткеру туралы барлық сұрақтар бойынша жедел желі телефонына  8 777 541 72 13 хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу