Отадан соң есін жиған Руслан Берденов сөйлей алады

Қазір Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Отадан соң есін жиған Руслан Берденов сөйлей алады Фото: kaznpu.kz

Руслан Берденов осы уақытта есін жиған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазіргі уақытта ол есін жиған және сөйлей алады. Жағдайы әлі де тұрақты ауыр деп бағаланады, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, кеше дәрігерлер Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 4 сағат бойы ота жасаған еді. Операциядан соң шұғыл оқ жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген шенеуніктің өміріне қауіп жоқ екені айтылды. Қалай болғанда да, пациенттің жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағалануда. Әрі ол дәрігерлердің бақылауында болады, қажетті медициналық көмек көрсетіледі. 

Бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасарына 4 сағат ота жасалғанын жаздық. 

Сондай-ақ, Руслан Берденовке жасалған шабуыл туралы түрлі жалған ақпарат тарап жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу