Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді – Президент

1583

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезеңінде бизнеске ерекше қолдау көрсетілетінін айтты. 

Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді – Президент

"Біз бюджеттік шығыстарды бизнес пен жұмыспен қамтудың дамуын қамтамасыз ететін бағыттарға қайта бағдарлаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 млрд теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады", – деді Мемлекет басшысы өз Үндеуінде. 

Еске салсақ, кеше Президент Жарлығымен коронавирустің таралуына жол бермеу үшін республика бойынша төтенше жағдай енгізілген болатын. Кеше кешке қарай елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9-ға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу