Отандық маркетплейстер 135,2 миллиард теңге салық төлеген

141

Ал бөлшек саудамен айналысатын компаниялар 240 миллиард теңге салық төлеген.

Отандық маркетплейстер 135,2 миллиард теңге салық төлеген Фото: canva.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында елімізде электрондық сауда қалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Электрондық сауданың жоғары қарқынмен даму жағдайын ескере отырып, оның бөлшек сауда құрылымына әсері талданды. 

"Осы мақсатта өткен жылдың қазан айында нарықтың негізгі қатысушылары мен мемлекеттік органдарды қамтитын жұмыс тобы құрылды. Талдауға бөлшек сауда саласындағы 400 мыңнан астам компанияның деректері енгізілді. Деректер жиынтық түрде ұсынылып, бөлшек сауда секторындағы негізгі үрдістер мен құрылымдық өзгерістерді көрсетеді. Онлайн және офлайн сауда сатушыларының типтік портреті әзірленді. Барлық көрсеткіштер бойынша онлайн сауда тиімдірек анықталды. Өйткені, ондай компаниялар ірі, тұрақтылығы жоғары, сатылымдары мен қызметкерлер саны көп", – деді министр Үкімет отырысында.

Сөзінше, белсенді онлайн-компаниялар бөлшек саудадағы барлық кәсіпорындардың 12,6%-ын  құрайды. Олар 300 мыңнан астам жұмыс орнын ашады, онлайн-сауданың өнімділігі 33%-ға жоғары, бөлшек сауда секторында салық түсімдерінің 60% пайыздын қамтамасыз етеді.

"Елімізде бөлшек саудамен айналысатын 505 мың офлайн компания 3 жыл ішінде 240 миллиард теңге салық төлеген. Ал онлайн саудамен айналысатын 73 мың компания 360 миллиард теңге салық төледі. Бұған қоса отандық маркетплейстер 135,2 миллиард теңге салық төлеген", – деді Арман Шаққалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу