Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тұңғыш съезі басталды

916

Бұған дейін бұл салада мұндай басқосу болмаған.

Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тұңғыш съезі басталды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған съезд жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіруді көздейді.

Басқосу барысында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі сонай-ақ Utari, Samidel, I' m different, Saukele, Gulnara Kassym, ZekenModa сынды отандық сән брендттерінің және "Іңкәр Сезім" этностудиясының сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Белгілі болғандай, жеңіл өнеркәсіп саласында 1016 кәсіпорын белсенді жұмыс істейді. Оның 12-сі ірі, 26-сы орта, 978 -і шағын кәсіпорын.

Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

2015 жылы ел аумағында жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің одағы құрылды. Ол тоқыма, тігін, трикотаж, аяқ киім кәсіпорындарын және бас киім мен фурнитура өндіретін 60-тан астам кәсіпорынды біріктірді.

2016 жылы жеңіл өнеркәсіп саласындағы 56 отандық кәсіпорын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде "Жасампаз" консорциумын құрды. Нәтижесінде консорциум 11 жобаға 5,4 млрд теңге қаржы құйды.

Бұған қоса соңғы 3 жыл ішінде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріндегі жергілікті қамту үлесін нөлден 60% - ға жеткізді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу