Ал еліміздің астанасында алғаш рет отандық жеңіл өнеркәсіп өкілдерінің қатысуымен "Алтын оймақ" форумы өтеді. Аталмыш іс-шара мекемелердің өзара ынтымақтастық орнатуына арналған ашық алаң болмақ.
Көрмеде 80 қазақстандық компания өз тауарларын таныстырады. Олар үшін шетелдік дизайнерлердің шеберлік сағаты да өткізіледі.
Форум Азия даму банкінің қолдауымен, "Атамекен" ҰКП мен ИИДМ ұйымдастыруымен өтеді.
Айта кету керек, қазір елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуеті қарқынды дамып келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу