"Отбасы банк" АҚ 14 мамыр күні сағат 18:00 мен 22:00 аралығында бірқатар онлайн сервистерінің жұмысында уақытша кідірістер болуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- Бұл уақыт ішінде жүктеме тестілеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы, enpf-otbasy.kz зейнетақы жинақтарын пайдалану платформасы және жаңа Otbasy bank Lite мобильді қосымшасы тұрақсыз жұмыс істеуі ықтимал, - делінген банк хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу