Өткен аптада мыңға жуық көлік жолда қалған

801

Республикалық маңызы бар 57 жол учаскесі жабылған. 

Өткен аптада мыңға жуық көлік жолда қалған

Ауа райы қолайсыздығынан елімізде мыңға жуық көлік жолда қалып, жүзден астам апатты жағдай орын алған. Салдарынан бір апта ішінде 39 адам қайтыс болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше, мұндай оқиғалардың орын алуына жүргізушілердің өзі кінәлі. Жазғы дөңгелектерін ауыстырмайды, жолға шықпау туралы ескертуді елемейді.

Өткен аптада республикалық маңызы бар 57 жол учаскесі жабылған. Әлі күнге дейін Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс және Жамбыл облысында жағдай тұрақтала қойған жоқ. Үкімет басшысы Асқар Мамин жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

"Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Болжамдарға сенсек, алдағы уақытта ауа температурасы төмендейді. Осы ретте жолдағы жылыту және тамақтану пункттері дайын болуы керек. Өңірлердің әкімдіктері осы мәселені бақылауда ұстауы керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазавтожол" компаниясы автожолдарды қардан тазарту үшін техниканы барынша тартуға тиіс. ІІМ автожолдарда кезекшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырсын",– деді Асқар Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу